Ibrai Abai
Ibrai Abai
Читать 1 минуту

Ұлылардың аманаты

"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін..." - деген Абай ғұлама атамыздың өсиетін сәл бұрмалап (кешірім сұраймын):

Мен жазбаймын өлеңді Ермек (Сұлтан, Темір, Болат т.б.) үшін...

Мен жазамын өлеңді Еркін өмір үшін, Қазақ халқының Еркіндігі үшін. Мына қазіргі біздің тәуелсіздігіміз, соңғы кезде маған Елсіздігіміздің белгісі ретінде "тайға таңба баксқандай" болып айқындала түсүінде.

Шірік тисе Ел басшылар санасына,

Халықты түсірем деп қалай сабасына,

Қамқорлық пен мейірімді місе тұтпай,

Тоқтамас әділдікті тұтас жұтпай.

Ей, халқым, басым қатты ойлай-ойлай,

Дәрмен жоқ Ұлы Абай айтқанындай.

Жалғызда қандай айбат, қандай қуат,

Өлеңмен сөгу қалды, ұрмай-жықпай.

Ғұламалар айтып кеткен сөз бар екен,

Халқына Ханы да сай болады екен.

Көш жүре түзелер деп отыра бермей,

Ой-бойды түзейік өзіміз алдыменен.

Өнегелі іс жасап, баланы балап,

Үлгі болар жақсыны көптеп мақтап,

Ұрпағымыз көгерсін деген оймен,

Әділдікті әркез сөйле жақтап.

7 просмотров
Добавить
Еще
Ibrai Abai
Подписаться