Ibrai Abai
Ibrai Abai
Читать 1 минуту

Дана қазақ, Дара қазақ.

Иә, біз сондаймыз. Мақтанышпен айта аламыз. Менің ендігі мақсатым Қазақ деген халықтың абыройын асқақтату, арттыру, ар-намысын жандандыру, жігерлендірү.

Жырла Жырау, Оян Батыр,

Мына жаңа заманда керексіңдер қазір.

Бүгінгі Абай, Махамбет, Сүйінбайлар

Бесіктен әне тұрып келе жатыр.

Ұлы Дала Алыптардың мекені,

Талпынбады кімдер өшірем деп киені.

Мойындайық, ол колдарынан келді де,

Уақытша. Дала лебін ұстап тұру мүмкін бе...

Соның дәлелі қазіргі оғландарымыз: Димаш Құдайбергенов, Тасболат Ибрашев, Иманбек Зейкенов, тағы көп басқалары. Сендерден өтінішім, ауылды-далалы мен білмейтін дана да дара тұлғаларымызды мұнда бөліссеңіздер. Біле жүрейік, айта жүрейік, ғаламға жария етейік. Менде барымды салып, олар туралы, баяғы өткен аяулы азаматтарымыз жайлы көпшілікке жеткізүге талпынамын. Ағылшын тілін білмегендіктен, орыс тілінде осы мақаларымды аударып жариялап тұруға әрекеттенемін.

Барлықтарыңызды Ұлыс күні Наурызбен құттыктаймын. Шаңырақтарыңызда ырыс, құт-береке төріңізден орын алсын!

5 просмотров
Добавить
Еще
Ibrai Abai
Подписаться